📱 Әлеуметтік желілерге талап күшейеді: Арман Қырықбаев заңнамалық өзгерістерді таныстырды
 
🗣️ Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевтың айтуынша, медиа кеңістіктегі жаңа сын-қатерлер заңнаманы жетілдіруді қажет етеді. Ұсынылған түзетулер онлайн-платформалардың жауапкершілігін арттыруға, балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған.
 
⚖️ Заң жобаларында онлайн-платформалардың Қазақстанда заңды тұлға ретінде өкілдік ашуы туралы талапты бекіту ұсынылады. Құқыққа қайшы контентті, соның ішінде балаларға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты жою жөніндегі нұсқаманы орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.
 
📌2026 жылдың алғашқы он айындағы мониторинг барысында құқыққа қайшы 128,5 мың материал анықталып, олардың шамамен 70 пайызы жойылған.

Дереккөз:24KZ