Ресей 5 тамызға қараған түні Киев пен Киев облысына ондаған баллистикалық зымыран мен 115 дрон ұшырды. Украина президенті Владимир Зеленскийдің мәліметінше, шабуылдан кемінде 17 адам өліп, 40-тан астамы жараланған. Қаза тапқандардың үшеуі Киевтегі "Нова пошта" сұрыптау орталығының қызметкерлері.
Киев облысында тағы 14 адам көз жұмды. Шабуылдан кейін қоймалар мен өндіріс нысандары өртенді, Голосеев ауданында аммиак ағып кеткені тіркелгенімен, билік тұрғындарға қауіп жоқ деп мәлімдеді.
Ресей қорғаныс министрлігі соққылар логистикалық инфрақұрылымға бағытталғанын хабарлады. Украина әуе күштері Ресей төрт "Циркон"/"Оникс", 24 "Искандер-М"/S-400 зымыранын және 115 дрон ұшырғанын, олардың 98 дроны атып түсірілгенін, ал баллистикалық зымырандардың ешқайсысы жойылмағанын мәлімдеді.
Ақпарат көзі:Azattyq ақпарат порталы