Қазақстандық боксшы Азиадада «қола» медаль иеленді
Қазақстандық боксшы Алуа Балкибекова Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалында шаршы алаңға шықты. 51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз Вьетнам спортшысы Тхи Там Нгуенмен кездесті.
Үш раундтың қорытындысы бойынша вьетнамдық боксшы 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Алуа Балкибекова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Айта кетейік, Алуа — бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы.
📸 ҰОК