Финалдық кездесуде қазақстандық спортшы Өзбекстан өкілі Хумоюнмирзо Халимовты 9:1 есебімен жеңді. Бұл — Жоламан Бигабылдың мансабындағы Азия ойындарындағы алғашқы медалі.

Осылайша, Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Азия ойындарындағы медальдар саны беске жетті. Бұған дейін шосседегі велоспорттан Рината Сұлтанова мен Алексей Луценко алтын медаль жеңіп алған. Ал триатлоннан Арлан Жанабай және қазіргі бессайыстан Қазақстанның ерлер құрамасы қола жүлдеге ие болды.

ақпарат көзі:zakon.kz