Алматы облысында 20 жеке сот орындаушысы (ЖСО) букмекерлік кеңседегі шоттарын толықтырып, жүйелі түрде құмар ойындарға қатысқан. Операциялардың жалпы сомасы шамамен 180 млн теңгені құраған.
Сот орындаушылардың біреуі үш жыл ішінде ойын аккаунтына 139 млн теңге, ал екіншісі 26 млн теңге аударған.
«Мұндай көлемдегі қаражатпен қоғамдық маңызы бар функцияларды атқаратын тұлғалардың құмар ойындарға қатысуы кәсіби әдеп талаптарына қайшы келеді және адалдық қағидаттарының сақталуына күмән келтіреді», — деп атап өтті Бас прокуратура.
Тиісті актілер шара қолдану үшін Әділет департаменті мен ЖСО-лардың өңірлік палатасына жолданған.
Ақпарат көзі:Zakon.kz ақпарат порталы