​Ғылым және жоғары білім министрлігі Steppe Rider компьютерлік ойынын әзірлеуге кеткен шығындарды тексеруді бастады. Жоба қазақ тілін үйрету үшін 242 млн теңгеге жасалған болатын. Ойын Steam платформасында 2025 жылдың желтоқсанында шықты.

​Ведомство басшысы Саясат Нұрбек министрліктің тиісті органдарға тексеру жүргізу туралы өтінішпен өзі сұрау салғанын хабарлады.

​💬Осы факт бойынша біз ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне, Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тексеру жүргізу туралы сұрау жібердік. Өзіміз бастамашы болдық. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр💬, — деді ведомство басшысы үкіметтегі брифинг барысында.

​Министр алдағы шешімдерді тексеру нәтижелері бойынша тиісті органдар қабылдайтынын атап өтті. Ол тексерулердің қазір де жалғасып жатқанын, соның ішінде министрлік ішінде де жүріп жатқанын қоса айтты- деп хабарлайды Informburo.kz ақпарат порталы