Екі айда 3,7 млрд теңге көлемінде шығын: ҰҚК мемлекеттік бюджетке келтірілген залалды есептеді
Бүгін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2026 жылдың шілде және тамыз айларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарының нәтижелері туралы есеп берді.
Екі ай ішінде Қазақстанда 201 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген. Олардың басым бөлігі ұрлық, парақорлық, алаяқтық, қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалануға байланысты.
Қылмыстық істер бойынша 140 адам күдікті деп танылды.
«126 қылмыстық істі тергеу аяқталды, оның 110-ы сотқа жолданды. Аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залалдың жалпы сомасы 3,7 млрд теңгені құрады», – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
3,7 млрд теңгенің ізі: ҰҚК екі айдағы жемқорлық фактілерін жариялады
Пікірлер 0
Әзірге пікір жоқ. Алғашқы болыңыз!