35 млн теңге жымқырған: Атырауда «ҚазАвтоЖол» еншілес компаниясының бас есепшісі сотталды
Бас есепшінің заңсыз төлемдер есептеп, «ҚАЖсервис» ЖШС филиалының қаражатын өзінің жеке банктік шотына аударып отырғаны анықталды.
«Сот оны кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ ол бес жыл мерзімге материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылды», — деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.
«ҚАЖсервис» ЖШС-нің материалдық залалды өндіріп алу туралы талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Дереккөз:Informburokz