Алаяқтар ҚМА қызметкерлері болып, 5 млн теңге ақша бопсалаған
Түркістан облысында өздерін Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) қызметкерлері ретінде таныстырған екі ер адам ұсталды.
Олар медициналық ұйымның басшысына мекемеде заңбұзушылықтар анықталғанын айтып, қылмыстық жауапкершілікке тартумен қорқытқан. Жауапкершіліктен құтқару үшін алаяқтар 15 млн теңге талап еткен.
Ұйым басшысы оларға 5 млн теңге берген. Осыдан кейін күдіктілер тағы 10 млн теңге талап еткен.
8 тамызда оларды Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ҚМА Департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, қылмыс үстінде ұстады. Сот олардың қамауда ұсталуы туралы санкция берді. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.
ҚМА азаматтарға ескертеді: агенттік қызметкерлері істі тоқтату немесе қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін ақша талап етпейді.
Егер сізге осындай қорқыту немесе ақша талап ету әрекеттері жасалса, ҚМА-ның 1458 Call-орталығына хабарласыңыз.
Қаржылық мониторинг органдарына азаматтарды шақыру тек сотқа дейінгі тергеу аясында ресми шақыру қағазы арқылы жүзеге асырылады.