Қазақстанның Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, Алматыда жалған мемлекеттік нөмірлерді сату схемасын ұйымдастырған азамат ұсталды.
Қадағалау органының мәліметінше, ер адам жалған мемлекеттік нөмірлерді жүйелі түрде жасап, сатумен айналысқан. Нөмірлер Ресейден жедел жеткізу қызметі арқылы жеткізіліп, кейін Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі тапсырыс берушілерге жіберілген.
Жедел іс-шаралар барысында жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта іске қатысы бар барлық тұлғаларды анықтау бойынша тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде, – делінген хабарламада.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды-деп хабарлайды Informburo.kz ақпарат порталы.