Амнистия бойынша 1,3 мыңнан астам сотталған адам босатылды

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары мәлімдеді.

Нияз Рыспаевтың айтуынша, соттарға 10 мыңға жуық ұсыныс жолданған. Оның ішінде 6 900-ден астамы – пробация қызметтерінен, ал 4 400-ге жуығы – қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен түскен.

Соттар 1 мыңнан астам материалды қарап, нәтижесінде ҚАЖ мекемелеріндегі 620 адам және пробация қызметінің есебіндегі 724 азамат босатылған.

Сонымен қатар 730-дан астам сотталған адамның жазасын өтеу мерзімі қысқартылды.

Бостандыққа шыққан азаматтарға әкімшілік қадағалау белгіленеді.

Әкімдіктермен бірлесіп оларды жұмысқа орналастыру, құжаттарын қалпына келтіру, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдануда.

Ақпарат көзі:zakon.kz