СІМ АҚШ-та терроризмге күдікті ретінде ұсталған қазақстандыққа қатысты мәлімдеме жасады

Тексеру жүргізіліп, барлық мән-жай анықталуда.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та терроризмге күдікті ретінде ұсталған Қазақстан азаматы туралы хабардар екенін мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп, барлық мән-жай анықталуда. Ресми ақпарат келіп түскен сайын қосымша мәлімет беріледі», – деп хабарлады СІМ Kazakhstan Today агенттігінің сауалына берген жауабында.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, 5 маусым күні АҚШ-тың арнайы қызметтері Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейді Калифорния штатының Коммерс қаласында ұстаған. БАҚ деректеріне сәйкес, оның ұсталуына террористік ұйымдармен байланысы болуы мүмкін деген күдік себеп болған.