📱 Астана әуежайы арқылы жүздеген iPhone 18 заңсыз әкелмек болған

«Әуежай – Астана» кеден бекетінің қызметкерлері мобильді құрылғыларды заңсыз әкелудің 10 әрекетін анықтады. Құқық бұзушылардан барлығы 223 iPhone 18 смартфоны және 10 жұп AirPods сымсыз құлаққабы тәркіленді.

Мемлекеттік кірістер комитеті еске салды: бір адам жеке пайдалануы үшін шетелден екі ұялы телефоннан артық әкеле алмайды.

Егер құрылғылар саны белгіленген лимиттен асып кетсе, оларды декларациялап, кедендік рәсімдеуден өткізу қажет.

Ақпарат көзі:zakon.kz