Байқоңырда босанған аналарға тегін дәрі қобдишалары берілмеген
Байқоңыр прокуратурасы аудандық ауруханада заң бұзушылықтарды анықтады. Медициналық мекеме босанған әйелдерге заңда қарастырылған кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында берілуі тиіс дәрі қобдишаларын таратпаған.
Прокуратураның араласуынан кейін аналар мен жаңа туған нәрестелердің құқықтары қалпына келтірілді. Қажетті жиынтықтарды 600 ана мен бала алды.
Прокуратурада бұл заң бұзушылықтар азаматтардың конституциялық құқықтарына қатысты болғанын атап өтті.
Ақпарат көзі:zakon.kz