«БІР ОТБАСЫ ҚАЛАЙ БҮКІЛ КОНЦЕРТ НАРЫҒЫН ҚОЛҒА АЛДЫ»
Канье Уэст — әлемге әйгілі әртіс. Ұйымдастырушылар мен олардың шектен тыс қымбат бағаларының арқасында концерт sold out болған жоқ.
Еске салайық: ең соңғы қатардағы билет 130 мың теңге, ал VIP орындар шамамен 1 миллион теңге тұрды. Бұл «халықаралық деңгей» емес. Бұл — таза ашкөздік.
Концерт кеше күнге жоспарланған еді, кейін бүгінге ауыстырылды. Ауа райы, иә, әсер етті. Бірақ қалыпты дамыған елдерде ұйымдастырушы концерт күнін өзі өзгерткен жағдайда, келе алмайтын көрермендерге ақшасын қайтаруға міндетті. Ал мұнда бұл заң жұмыс істемейді.
Өйткені ұйымдастырушы — ықпалды шенеуніктің қызы. First Media Group. Данна Карагусова.
Ол — Гүлжан Қарагусованың қызы. Гүлжан Қарагусова — бұрынғы сенатор, бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Мәжілістің экс-депутаты және қазіргі таңда Сенат жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі. Сондай-ақ ол Бейбіт Әлібековтің бұрынғы әйелі — сол блогер әрі «Республика» партиясының депутаты.
Олардың ұлы Айтуар Әлібеков те осы салада — концерттік жобалар директоры.
Бір отбасы — тұтас нарық.
Біздің еліміз өте үлкен. Бірақ әлемдік жұлдыздардың концерттерін іс жүзінде бір ғана компания ұйымдастырады. Сондықтан олар қалаған бағасын қояды.
Басқа дамыған елдерде билеттер бірнеше есе арзан болды — өйткені ол жерде бәсекелестік бар. Ал бізде бәсекелестік жоқ. Бөтендерді кіргізбейді. Тек өздері. Тек отбасы-деп хабарлайды algakzt_reserv ақпарат порталы.