Енді жақыныңыз ауруханаға түссе, eGov арқылы хабарлама аласыз
Қазақстандықтар жақын адамы жол апатына ұшырап, денсаулығы күрт нашарлап немесе ауруханаға түсіп, өздігінен байланыса алмай қалған жағдайда хабарлама ала алады.
Жаңа сервис арқылы үш адамға дейін сенімді байланыс тұлғасы ретінде көрсетуге болады.
✅Қызметті қосу үшін:
▪️eGov.kz порталына кіріп, авторизациядан өту;
▪️«Ауруханаға жатқызылған жағдайда хабарлау үшін сенімді байланыстарды тіркеу» қызметін таңдау;
▪️сенімді адамның ЖСН-ін енгізу қажет.
Сенімді тұлға 18 жастан асқан және Мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы тиіс.
Тіркеуден кейін көрсетілген адамға SMS жіберіледі. Ол хабарлама арқылы тіркеуді растайды немесе бас тарта алады. Растаған жағдайда пайдаланушы дербес деректер мен денсаулық жағдайына қатысты ақпаратты беруге келісімін бекітеді.
🖥Қызмет eGov Mobile қосымшасында да қолжетімді.
Енді жақыныңыз ауруханаға түссе, eGov арқылы хабарлама аласыз
Пікірлер 0
Әзірге пікір жоқ. Алғашқы болыңыз!