Абай облысында инвесторға қатысты әкімшілік іс қозғау кезінде заң талаптарын бұзған Экология департаменті басшысының орынбасарына айыппұл салынды.
 ⚖️ Іс «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС-не қатысты қозғалған. Алайда Экология департаменті заңда көзделген тексеруді жүргізбестен және мемлекеттік бақылаудың белгіленген тәртібін сақтамай, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаған.
 📄 Прокуратураның наразылығынан кейін сот инвесторды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулының күшін жойды.
 💰 Ал Экология департаменті басшысының орынбасарына 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ақпарат көзі:24KZ-ЖАҢАЛЫҚТАР