Израиль 1700 палестиналықтың мәйітін кепіл ретінде ұстап отыр
Израиль болашақ келіссөздерде пайдалану үшін шамамен 1700 палестиналықтың мәйітін кепіл ретінде ұстап отыр. Бұл туралы израильдік Haaretz газеті хабарлады.
Олардың қатарында бейбіт тұрғындар да бар. Алайда есепте мәйіттердің қаншасы Газадан, қаншасы басып алынған Батыс жағалаудан жеткізілгені нақтыланбаған.
Haaretz мәліметінше, «Шин-Бет» басшысы Давид Зини Израильді бұл мәйіттерді қысым жасау құралы ретінде сақтауға шақырған. Бұл ұстанымды Израиль әскері де қолдаған.
Қазіргі уақытта палестиналық қарулы топтардың қолында израильдік кепілге алынғандар жоқ екені атап өтілген.
Израиль 1700 палестиналықтың мәйітін кепіл ретінде ұстап отыр
Пікірлер 0
Әзірге пікір жоқ. Алғашқы болыңыз!