Тергеу барысында кәсіпкердің жалған құжаттарды пайдаланып, демалыс базасын салуға мемлекеттен 117 миллион теңгеден астам қаржы алғаны анықталды.

Алайда мәлімделген құрылыс жұмыстарының бір бөлігі іс жүзінде орындалмаған. Оның үстіне нысан мемлекеттік қолдау шаралары енгізілгенге дейін-ақ салынып қойған.

Ұрланған қаражатты заңдастыру мақсатында кәсіпкер ақшаны депозитке орналастырған. Соның нәтижесінде ол қосымша 5,6 миллион теңге табыс тапқан.

Сот оны аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны және ақшаны заңдастырғаны үшін кінәлі деп таныды. Оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді-деп хабарлайды Zakon.kz.