«36 жастағы шетелдік азамат алкогольдік мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзған. Ол экипаж мүшелерінің талаптарын орындамай, басқа жолаушылардың атына балағат сөздер айтқан», – деді Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов.
Ұшақ Астана әуежайына қонғаннан кейін ер адам полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Сот шешімімен оған 12 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ жолаушының бұған дейін де алкогольдік ішімдік ішкені үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Ақпарат көзі:zakon.kz