Қазақстандық 25 жастағы бортсерік Непалдан Кувейтке ұшқан рейстен кейін өзін жайсыз сезінген. Қайрат Бермукановтың айтуынша, экипаждың бірнеше мүшесінде дене қызуы көтеріліп, бас ауруы байқалған.
Қыз ауруханаға жатқызылған. Алайда жағдайы уақытша жақсарғаннан кейін қайтадан күрт нашарлаған. Ол айналасын бағдарлай алмай, тіпті жақындарын да танымай қалған.
Оқиғаға байланысты Қазақстанның Кувейттегі елшілігі араласып, бойжеткен қайтадан ауруханаға жатқызылды.
Дәрігерлер әзірге бірнеше болжамды қарастырып жатыр. Олардың қатарында жапон энцефалиті және ми маңдай бөлігінің зақымдануы бар. Алайда нақты диагноз әлі қойылған жоқ.

Дереккөз:Inform_qz