Қазақстанда 14 Оңтүстік Корея азаматы ұсталды

Олар өз елінде телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ұйымдасқан топ құрамында алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

Тінту барысында күдіктілерден компьютерлер, ноутбуктер мен ұялы телефондар тәркіленді.

Қазіргі уақытта олар тергеу изоляторына қамалды. Процессуалдық іс-шаралар аяқталғаннан кейін оларды Қазақстаннан депортациялау жоспарланып отыр.

Фото:ЖИ