🎓Қазақстанда мектеп бітіру кештеріне жаңа шектеу енгізілді
Оқу-ағарту министрлігі мектеп бітіру кештерін мейрамхана, кафе, банкет залы, демалыс базасы мен табиғат аясында өткізуге тыйым салынатынын хабарлады.
Биыл оқу жылын 3,9 млн-нан астам оқушы аяқтайды. Оның ішінде 215 мыңнан астамы — 11-сынып түлектері.
25 мамырда мектептерде “Білімім – Отаныма!” тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. Ал аттестат пен диплом табыстау рәсімдері тек білім беру ұйымдарының ішінде ұйымдастырылады.
Министрлік ата-аналардан ақша жинауға, сыйлық пен басқа да материалдық құндылықтар талап етуге болмайтынын да ескертті. Шектеулер қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті сақтау үшін енгізілген.