Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинация 15 қыркүйектен басталады
3 қыркүйекке дейін медициналық ұйымдар профилактикалық вакцинация алу ұсынылатын азаматтардың тізімін дайындауы тиіс.
Бірінші кезекте вакцинация тәуекел тобындағы адамдарға жүргізіледі. Олардың қатарында: ерте жастағы балалар, мектеп оқушылары, жүкті әйелдер, қарт адамдар, созылмалы аурулары бар азаматтар, сондай-ақ жабық үлгідегі мекемелерде және әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында тұратын адамдар бар.
1 қазаннан бастап медициналық ұйымдарда медицина қызметкерлері үшін маска тағу режимі енгізіледі.
Егер сыныптағы оқушылардың 30%-ы немесе одан да көп бөлігі ЖРВИ-мен ауырса, олар қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.
Ал балабақшаларда топ ішінде аурудың жаппай таралу жағдайлары тіркелсе, сабақтар уақытша тоқтатылады.I
Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинация 15 қыркүйектен басталады
Пікірлер 0
Әзірге пікір жоқ. Алғашқы болыңыз!