" Сағат 20:00-дегі жағдай бойынша елімізде сайлаушылардың қатысуы 74,19%-ды құрады. Дауыс беруге 9 352 151 адам қатысты.

Ең жоғары белсенділік Түркістан облысында – 92,16% болды. Ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында – 42,23%.

🗣 Қазақстанда сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істеді. Сайлаушылар тізіміне 12 605 788 адам енгізілді.

🗣 Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско, Оттава және Бразилиа қалаларындағы сайлау учаскелері өз жұмысын жалғастыруда.

Түнгі 00:00-ге дейін 74 сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтайды.

Шетелдегі дауыс беру процесі 24 тамыз күні Астана уақытымен сағат 08:00-де АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы жанындағы сайлау учаскесінде аяқталады.