Шымкент әуежайында тексеру кезінде сөмкесінен патрон табылған әйелге айыппұл салынды. Бұл туралы Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты хабарлады.

Оқиға тамыз айында болған. Жолаушы Шымкенттен Жезқазғанға ұшуы тиіс болған. Алайда тексеру аймағынан өту кезінде оның сөмкесінен тегіс ұңғылы аңшылық қаруға арналған 12 калибрлі патрон табылған.

🗣️ «Сотта азаматша өз кінәсін мойындап, патронды байқамай сөмкесіне салып алғанын және оның сөмкеде қалай пайда болғанын білмегенін түсіндірді. Криминалистикалық сараптама қорытындысына сәйкес, оқ-дәрі зауытта жасалған және атуға жарамды», – делінген сот хабарламасында.

Әйел тіркелмеген патронды сақтап, тасымалдағаны үшін кінәлі деп танылды. Жолаушының өкінгенін ескерген сот айыппұл мөлшерін 30%-ға төмендетті.

Нәтижесінде әйел 60 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Тәркіленген патрон жойылады.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Ақпарат көзі:Informburo.kz