Сицилиядағы музейден Қайта өрлеу дәуірінің төрт туындысы ұрланды
Италияның Сицилия аралындағы Мессина қаласындағы музейден 15 тамыз кешке белгісіз біреулер XV ғасырдағы әйгілі Қайта өрлеу дәуірінің шебері Антонелло да Мессинаның төрт картинасын ұрлап кеткен.
Қолды болған өнер туындылары қатарында "Әулие Григорий полиптихының" бес панелінің үшеуі және алдыңғы бетінде сәби ұстаған Құдай ана бейнесі, ал артқы бетінде Иса Мәсіхті жоқтау көрінісі (Пьета) бейнеленген бірегей екіжақты картина бар.
Тергеушілер болжамынша, ұрылар әуелде суретшінің алты туындысын алып кеткен. Алайда солардың екеуі кейін музей ішінен табылған. Қылмыскерлер ол екі картинаны неліктен қалдырып кеткені әзірге белгісіз.
Бұл қылмыс Мессинада 15 тамыз күні Вара діни мерекесі өтіп жатқан кезде жасалған. Полиция мен тұрғындардың назары музейлерден басқа жаққа ауған сәтті ұрылар өз мақсатына пайдаланған-деп хабарлайды Аzattyq ақпарат порталы.
Сицилиядағы музейден Қайта өрлеу дәуірінің төрт туындысы ұрланды
Пікірлер 0
Әзірге пікір жоқ. Алғашқы болыңыз!