Алматыда қазіргі уақытта реконструкция жұмыстары жүріп жатқан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында шатырдың бір бөлігі опырылды.

 🏗️ Университеттің баспасөз қызметі студенттер сарайына реконструкциялау жүргізілетінін мәлімдеді.

 Студенттер сарайының құрылысы 1985 жылы басталып, 1998 жылы аяқталған. Ғимарат пайдалануға берілгеннен кейін шамамен 30 жыл бойы күрделі жөндеуден немесе реконструкциядан өтпеген. 2023 жылы аккредиттелген ұйым ғимараттың техникалық жай-күйіне сараптамалық тексеру жүргізді. Оның нәтижесінде бірқатар елеулі ақау мен зақым болған жерлер анықталды, — деп хабарлады ҚазҰУ баспасөз қызметі.

 🔎 Атап айтқанда, тексеру барысында темірбетон ригельдерінің бір бөлігінің жоқтығы, бағандардың коррозияға ұшырап, кей жерлерде қисаюы, ригельдер мен бағандардың түйісу орындарының бұзылуы, сондай-ақ темірбетон конструкцияларының майысуы мен деформациялары анықталған.

Ақпарат көзі:24KZI