«TELEGRAM ҚЫСЫМДА: Мәскеу соты мессенджерге тағы соққы жасады»

Мәскеу соты Telegram мессенджерін Ресей заңнамасына қайшы келетін контентті өшіруден бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл туралы Ресейдің ТАСС мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады.

Сот шешімімен мессенджерге 93 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынған. Осылайша, Telegram-ға Ресей заңдарын бұзғаны үшін тағайындалған өтелмеген айыппұлдардың жалпы көлемі шамамен 666 мың АҚШ долларына жетті.

Роскомнадзордың мәліметінше, Telegram тыйым салынған контентке қатысты шамамен 150 мың талапты орындамаған. Аталған материалдардың қатарында балалар порнографиясы, есірткі насихаты және экстремистік мазмұндағы жазбалар болған.

Бұған дейін, ақпан айында Ресей билігі мессенджер жұмысына шектеу қойып, оның қызметін баяулату туралы шешім қабылдаған еді.

Telegram Ресей аумағында, соның ішінде әскери қақтығыс аймақтарында байланыс құралы ретінде кеңінен қолданылып келеді. Соған қарамастан, мессенджерге қатысты бақылау мен шектеу шаралары күшейіп отыр.

 

⚡️ МОСКОВСКИЙ СУД ПРИМЕНИЛ ЖЕСТКИЕ МЕРЫ В ОТНОШЕНИИ TELEGRAM

Московский суд привлек мессенджер Telegram к административной ответственности за отказ удалить контент, нарушающий российское законодательство. Об этом сообщает государственное информационное агентство ТАСС.

Согласно решению суда, на мессенджер наложен штраф в размере 93 тысяч долларов США. Общая сумма неоплаченных штрафов Telegram за нарушение российских законов достигла примерно 666 тысяч долларов.

По данным Роскомнадзора, Telegram проигнорировал около 150 тысяч требований об удалении запрещенного контента. Среди них — материалы, содержащие детскую порнографию, пропаганду наркотиков и экстремистские публикации.

Ранее, в феврале, российские власти приняли решение о замедлении работы мессенджера на территории страны в связи с невыполнением требований законодательства.

Несмотря на усиливающееся давление со стороны Роскомнадзора, Telegram продолжает широко использоваться в России, в том числе как средство связи в районах боевых действий.