Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен әнші Димаш Құдайберген 2027 жылға арналған The Muslim 500 халықаралық рейтингіне енді.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Саясат» санатында, ал Димаш Құдайберген «Өнер және мәдениет» бөлімінде көрсетілген.

Аталған рейтингті Иордания Корольдік ислам стратегиялық зерттеулер орталығы жыл сайын жариялап отырады. Тізімді жасақтау барысында тұлғалардың мұсылман әлеміне, қоғамдық үдерістерге, саясат пен мәдениетке тигізетін ықпалы ескеріледі.

Биыл рейтингтің алғашқы орындарын Сауд Арабиясының королі Салман ибн Абдулазиз, тақ мұрагері Мұхаммед ибн Салман және Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған бастаған бес әлемдік көшбасшы бөлісті.