Түркістан қалалық ауданаралық сотында жергілікті тұрғын, бұрынғы фельдшер Мұхаммад Өмірбектің шағымы бойынша сот процесі басталды. Ол өзін психиатриялық орталыққа заңсыз қамап, негізсіз "сандырақ" диагнозын қойды деп есептейді.
17 маусымда бұл іс бойынша алдын ала сот тыңдауы өткенін Азаттық радиосына талапкердің заңды өкілі Амангелді Батырбеков пен адвокаты Дана Ақәділқызы растады. Мұхаммад Өмірбек өзіне қойылған психиатриялық диагнозды заңсыз деп танып, есептен шығаруды және құқық қорғау мен медицина саласы мамандарының іс-әрекетіне құқықтық баға беруді талап етіп отыр.
Былтыр қараша айында астаналық фельдшер Ұлдана Мырзуан қызмет бабымен жүргенде қаза тапқан . Осы оқиғадан соң Қазақстанның бірнеше өңірінде медицина қызметкерлері өздерінің еңбек жағдайы нашар және жалақы аз екенін айтып, наразылық білдірген.
Сол кезде Түркістан тұрғыны Мұхаммад Өмірбек WhatsApp желісінде мыңға жуық әріптесі қосылған арнайы чат ашқан. Өз айтуынша, топта тек фельдшерлер мәселесі заң аясында талқыланған, заңсыз іс-әрекетке үндеу болмаған. Алайда көп ұзамай оған үйіне полиция келіп, чатты жабуды талап еткен. Өмірбек талапты орындаудан бас тартқан соң, оны былтыр 5 желтоқсанда "түсініктеме алуға" полиция бөліміне алып кеткен. Артынша жігіт Шымкенттегі психикалық саулық орталығына жеткізілген - деп хабарлайды Азаттық.
Түркістанда психдиспансерге заңсыз қамалдым деген белсенді фельдшердің соты басталды
Пікірлер 0
Әзірге пікір жоқ. Алғашқы болыңыз!