Йемендегі хуситтер Сауд Арабиясының оңтүстік-батысындағы Джизан қаласындағы Saudi Aramco мұнай өңдеу зауытына дронмен шабуыл жасағанын мәлімдеді. Мұны Associated Press хабарлады.
Хуситтер өкілі бұл шабуыл Сауд Арабиясы дрондарының Йеменнің Хаджжа және Саада аймақтарындағы әуе кеңістігін бұзуына қарымта ретінде жасалғанын айтты.
Бұған дейін Сауд Арабиясының энергетика министрлігі Джизандағы Aramco мұнай өңдеу зауытына тиесілі нысанда шыққан өрт сөндірілгенін, қаза тапқандар жоқ екенін хабарлаған. Сауда билігі өрттің себебін жариялаған жоқ.
Жексенбі күні хуситтер Қызыл теңіз жағалауындағы Моча портына зымыранмен және дронмен шабуыл жасады деп хабарлады халықаралық қауымдастық Йеменнің заңды билігі деп таныған үкіметінің өкілі. Моча – үкімет бақылауындағы негізгі порттардың бірі- деп хабарлайды Аzattyq ақпарат порталы.
Йемендегі хуситтер Сауд Арабиясына дронмен шабуылдады
Пікірлер 0
Әзірге пікір жоқ. Алғашқы болыңыз!