Жапониядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 13 адамға жетті

 Жапон премьері Санаэ Такаитидің мәлімдеуінше, елдің оңтүстігінде болған қуатты жер сілкінісі салдарынан кемінде 13 адам қаза тапқан.

28 шілдеде жергілікті уақытпен 16:27 кезінде Кюсю аралында жер сілкініп, Кумамото префектурасында шамамен 10 мың адам эвакуацияланып, 37 мыңға жуық үй жарықсыз қалған, кейбір ғимараттар, жолдар мен көпірлер зақымданған.

 Кумамотода жер сілкінісі салдарынан сауда орталығы құлап, кемінде екі адам қаза тапқан. Билік сауда орталығынан сегіз адам құтқарылғанын хабарлады. Қазір хабарсыз кеткендер мен ғимарат ішінде қалып қойғандар жайлы ақпарат нақтыланып жатыр.

 Табиғи апат болған аймақта құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Келген шығын көлемі әзірге белгісіз-деп хабарлайды Azattyq ақпарат порталы.