Қазақстандықтар балалар мен жасөспірімдер арасында электр велосипедтердің кеңінен қолданыла бастағанына назар аударды. Бүгін журналистер электр велосипедтердің жылдамдығы сағатына 30 шақырымға дейін жететінін ескере отырып, олармен тротуарда жүруге бола ма деген сұрақ қойды.
Вице-министр бұл мәселеге ІІМ тарапынан шара қабылданып жатқанын айтты.
«Электр велосипедтер қуатына қарамастан мопедтерге теңестірілген. Яғни қазіргі уақытта электр велосипедпен тротуарда жүруге болмайды. Бұл – заң бұзушылық. Бұл норма заң жүзінде бекітілген. Біз электр велосипед жүргізушілерін де мопед иелері сияқты жауапкершілікке тартамыз», – деп атап өтті Игорь Лепеха.
Ақпарат көзі:zakon.kz