🚨 «Қазпошта» атынан жасалатын жаңа алаяқтықтан сақ болыңыздар!

📩 Бас прокуратура азаматтарға +212 кодымен келетін «Сәлемдемеңіз келді» деген жалған хабарламалар туралы ескертті.

⚠️ Алаяқтар мекенжайды нақтылау сылтауымен сілтеме жіберіп, жеке деректерді енгізуді сұрайды. Жалған сайт ресми «Қазпошта» парақшасына ұқсатып жасалған.

🔒 Қауіпсіздік үшін:

Бейтаныс сілтемелерге өтпеңіз;

Жеке деректеріңізді енгізбеңіз;

Ақпаратты тек «Қазпоштаның» ресми арналары арқылы тексеріңіз.

❗️Хабарламаның сауатты қазақ тілінде жазылуы оның шынайы екенін білдірмейді.