⚠️ Республикалық трассалардағы қауіп туралы елдің он облысының жүргізушілеріне ескерту жасалды

​«ҚазАвтоЖол» ауа райы бұзылады деп күтілетін Қазақстанның он өңірінің жүргізушілеріне хабарласып, республикалық трассаларда барынша абай болуды сұрады.

​Синоптиктердің болжамынша, түнде және таңертең Абай, Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр аралас қар және қар жауады деп күтілуде. Кей жерлерде көктайғақ болады.

​💬 «Жүргізушілерден барынша мұқият болуды, жылдамдық режимі мен арақашықтықты сақтауды, жүру бағытын алдын ала жоспарлауды және мүмкіндігінше аса қажеттілік болмаса, жолға шықпауды сұраймыз. Дөңгелектердің күйіне ерекше назар аударған жөн – жазғы шиналармен тайғанап кету және жол-көлік оқиғасы қаупі айтарлықтай артады», – деп атап өтті «ҚазАвтоЖолда».

​8 және 9 қарашада Ақмола облысында патрульдік полиция жазғы резинадғы 744-тен астам автокөлікті кері қайтарды. Ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге республикалық трассалармен қозғалысты жалғастыруға рұқсат берілмеді.