44 млн теңгеден астам алаяқтық бойынша іздеуде жүрген ер адамды бейнебақылау жүйесі анықтады
2023 жылдан бері іздеуде жүрген Қарағанды қаласының 37 жастағы тұрғыны Алматыда ұсталды. ҚР ІІМ мәліметінше, ол 44 млн теңгеден астам сомаға алаяқтық жасағаны үшін пробациялық бақылауда болған, алайда тұрғылықты жерін өз бетінше тастап кеткен.
Ер адамды полиция үш жыл бойы іздеген. Оны супермаркеттердің біріндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалғаннан кейін кездейсоқ анықтаған.
Бет-әлпетті тану жүйесі оның суретін іздеуде жүрген адамдар базасымен салыстырып, жеке басын анықтаған. Сигнал түскеннен кейін полиция қызметкерлері ер адамды жедел түрде ұстады.
Жеке басы расталған соң, күдікті Қарағандыға жеткізілді. Қазір ол қамауда отыр. Соттың пробациялық бақылауды тоқтатып, нақты бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау туралы шешімі күтілуде.