Трамп жексенбі күні Иранмен келісімге қол қойылатынын, ізінше Ормуз бұғазы ашылатынын айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Тегеранмен атысты тоқтату туралы келісімге жексенбі күні қол қоятынын мәлімдеді. Оның сөзінше, қол қойылғаннан кейін Ормуз бұғазы бірден ашылады.
Оның сөзінше, келісімге қол қойылғаннан кейін Иранның жоғары байытылған ураны жойылады деп үміттенетінін жеткізді.
"Жағдай тынышталған кезде тауға көмілген ядролық шаңды жинап, Иранда немесе АҚШ-та жойып жібереміз. Біз Иранмен және бүкіл Таяу Шығыспен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатамыз деп ойлаймыз" деп жазды Трамп. Ол Иран енді күш қолдануға итермелемейтін шығар деді.
Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи бұған дейін АҚШ-пен атысты тоқтату туралы келісімге келуге аз қалды деп айтқан. Оның сөзінше, құжат Ормуз бұғазын ашуды да қарастырады. Ақпаратқа қарағанда, ирандық бағдарлама бойынша келіссөз кейінірек басталады.
Бұған дейін тараптар сәуір айында атысты тоқтату туралы келіссе де, ауық-ауық бір-біріне соққы жасап келеді.