БАҚ: Ресей АҚШ-қа Украинаға "Орешникпен" соққы жасауы мүмкін екенін ескертті

Ресей АҚШ-қа 11-14 маусым аралығында Украинаға "Орешникпен" соққы жасауы мүмкін екенін ескертті. Бұл жөнінде дереккөздерге сүйенген "Зеркало недели" және "РБК-Украина" жазды. "РБК-Украинаның" жазуынша, дегенмен АҚШ-тың Киевтегі елшілігінен ресми түрде ескерту келмеген.

Бұған дейін жұма күні Украинаның қарулы күштері бір тәулікте Ресей әскерінің орта қашықтыққа ұшатын баллистикалық ракетаны қолдану мүмкіндігі "жоғары" екенін ескерткен- деп хабарлайды Азаттық.