⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы
Қымбатты отандастар!
Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін біз майдан даласында Отан үшін от кешіп, ерлік жасаған жауынгерлерге және тылда табанды еңбек еткен ардагерлерге шынайы ризашылық сезіммен тағзым етеміз. Қасіретті жылдардың барлық ауыртпалығын қайыспай көтеріп, Жеңіске жеткен аға буынға айрықша құрмет көрсетеміз.
Еліміз ортақ Жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде миллиондаған отандасымыз жанқиярлықпен шайқасты, аянбай жұмыс істеп, әскерді керек-жарақпен қамтамасыз етті.
Жүзден астам жерлесіміз «Даңқ» орденінің толық кавалері атанды, бес жүз адам Батыр атағын алды, ондаған мың азамат жауынгерлік ерлігі және қажырлы еңбегі үшін марапатталды.
Біз аға буынның өшпес даңқын ешқашан ұмытпаймыз. Жаужүрек сардарлар мен сарбаздардың құрметіне мемориалдар орнатылды, кітаптар шығарылып, фильмдер түсірілді, сондай-ақ көшелерге, мектептерге, музейлерге, әуежайларға, әскери бөлімдер мен институттарға ел қорғаған ерлердің есімі беріліп жатыр.
Қаһарман ардагерлеріміздің ерен ерлігінің мән-мағынасын өскелең ұрпақтың санасына сіңіру – бүгінгі буынның қасиетті парызы. Біз ержүрек майдангерлердің қайтпас қайсарлығы мен асқақ рухының арқасында дербес әрі бейбіт елде өмір сүріп келеміз, сондай-ақ, төл мәдениетімізді дамытып, қазіргі заманның игілігін сезініп отырмыз.
Қазақстанды бүкіл әлем біледі және құрметтейді. Біз жаңа Конституция ережелеріне сәйкес Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Ата заңымыз ешкімді ұлтына, наным-сеніміне қарай бөліп-жармайды, барлық азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бірдей қорғайды.
Ұлы Жеңіс күні – ең алдымен, жауынгерлік ерлігі мен жігерлі еңбегінің арқасында мамыражай заманға жеткізген батырларымыздың есімін ел жадында жаңғырту күні. Бұл – ұлан-асыр тойға емес, мәнді әрі мағыналы ойға шақыратын мереке. Халқымыздың бейбіт өмірге және өсіп-өркендеуге ұмтылысының айқын көрінісі іспеттес көк байрағымыз әрдайым ашық аспан астында желбіресін! Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
t.me/aqorda_resmi
⚜️ Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы
Уважаемые соотечественники!
От всей души поздравляю вас c Днем Победы!
9 мая мы с искренней признательностью воздаем должное великому подвигу фронтовиков и тружеников тыла, склоняем головы перед поколением Победителей, вынесшим на своих плечах все тяготы военного лихолетья.
Наша страна внесла огромный вклад в общую Победу. Миллионы казахстанцев отважно сражались на фронтах и самоотверженно работали в тылу, снабжая армию всем необходимым.
Более ста человек стали полными кавалерами ордена Славы, 500 – получили звание Героя, десятки тысяч отмечены наградами за воинскую отвагу и трудовое отличие.
В Казахстане бережно хранят память о беспримерной доблести наших соотечественников. В честь выдающихся бойцов и командиров возведены мемориалы, выпускаются книги, снимаются фильмы, их именами названы улицы, школы, музеи, аэропорты, военные институты и воинские подразделения.
Священный долг современников – разъяснить потомкам подлинный смысл героизма старшего поколения наших соотечественников. Благодаря невероятному мужеству и стойкости фронтовиков мы живем в мирной, независимой стране, развиваем свою культуру, пользуемся благами современной цивилизации, узнаваемы и уважаемы в мировом сообществе. Мы строим Справедливый Казахстан в соответствии с положениями новой Конституции, которая защищает законные права и свободы граждан независимо от их национальности, вероисповедания.
День Великой Победы – это, прежде всего, благодарная память о всех героях, которые своими ратными и трудовыми подвигами сделали ее возможной. Это «Праздник со слезами на глазах», а не повод для веселья в ходе массовых шествий. Пусть под нашим чистым небом всегда возвышается небесно-голубой флаг Казахстана, символизируя миролюбивые, прогрессивные устремления нашего народа! С Днем Великой Победы!
t.me/aqorda_resmi