27 шілдеде Париждегі Порт-де-Клиши метро станциясы маңында екі пышақ ұстаған ер адам 19, 24 және 36 жастағы үш әйелге тап беріп, оларды жаралаған. Оқиға жергілікті уақытпен шамамен 11:30-да болған. Алдын ала дерекке сәйкес, күдікті әуелі трамвай күтіп тұрған әйелге, кейін тағы екі әйелге пышақ жұмсаған. Күдікті 31 жастағы Франция азаматы көп ұзамай ұсталды. Елдің ішкі істер министрі Лоран Нуньес күдіктіні сол сәтте жұмыстан тыс жүрген полиция қызметкері қолға түсіргенін айтты.

Зардап шеккен үш әйел ауруханаға жеткізілген, екеуі ауыр жараланған. Әйткенмен үшеуінің де өміріне қауіп төніп тұрған жоқ деп хабарлады билік өкілдері. Күдікті адам психикалық дертке шалдыққан болуы мүмкін деген ақпарат тарады-деп хабарлайды Azattyq ақпарат порталы.