Парламент Құрылтай, Халық кеңесі, президент туралы және басқа конституциялық заңдарды түпкілікті қабылдады

 Қазақстан парламенті 20 мамырда екінші оқылымда қабылдап, президентке қол қоюға жіберілген құжаттар арасында Құрылтай мен оның депутаттары, президент мәртебесі, Қазақстанның Халық кеңесі және әкімшілік-аумақтық құрылысқа қатысты конституциялық заң жобалары бар.

Оған қоса, парламент сайлау, үкімет, сот жүйесі, Конституциялық сот, прокуратура және адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы заңдарды жаңа Конституцияға сәйкестендіретін түзетулерді де мақұлдады.

Қазақстанда биыл наурызда өткен референдумда қабылданған жаңа Конституция аясында қос палаталы парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай жұмыс істемек. Сонымен бірге вице-президент институты енгізіліп, Қазақстан халқы ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың орнына Қазақстанның Халық кеңесі құрылады.