Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістерге қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

▪️Енді қылмыстық жауапкершілік тек пара алғаны немесе бергені үшін ғана емес, пара беруге уәде еткені, оны ұсынғаны немесе бопсалағаны үшін де қарастырылады.

▪️Жеке тұлғаларға қатысты әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары бойынша ескіру мерзімі бір жылдан үш жылға дейін ұзартылды.

▪️Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік өкілеттігін жеке басының пайдасына пайдалануға тыйым салынды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қолданылатын адамдардың тізімі кеңейтілді.

▪️Сондай-ақ туыстық байланыстарға (отбасылық жұмысқа орналастыруға) қатысты жаңа ережелер енгізілді: енді бір мемлекеттік органда басшының жиендері, қайын інілері (әйелінің бауырлары), бажалары, қайнылары (ағасының немесе інісінің жұбайының бауырлары) және күйеу балалары бірге жұмыс істей алмайды.