Ресейде журналист Дарья Шипачева 12 жылға бас бостандығынан айырылды
Мәскеу қалалық соты журналист Дарья Шипачеваны мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен 12 жылға соттады.
T-invariant басылымының жазуынша, 35 жастағы журналистке мұндай айып тағылуына оның Украинадағы бір азаматқа ақша аударғаны себеп болған.
Ресми мәліметке сәйкес, Шипачева 2025 жылдың сәуір айында Мәскеудегі пәтерінде ұсталып, алдымен Ростовтағы тергеу изоляторына қамалған. Кейін ол Мәскеудегі «Лефортово» тергеу изоляторына ауыстырылған. Айып тағылғаннан кейін журналист тергеумен келісімге келген. Сот ісі шамамен бір жарым сағатқа созылып, үкім шығарылған.
Дарья Шипачева ғылыми, медициналық және әлеуметтік тақырыптарда жазатын журналист ретінде танымал. «Вёрстка» басылымының мәліметінше, Ресей Украинаға қарсы соғыс бастағаннан бері елде кемінде 1904 адамға мемлекетке опасыздық жасау, тыңшылық және шетелдік мемлекетпен ынтымақтастық орнату баптары бойынша айып тағылған.
Ақпарат көзі:Azattyq ақпарат порталы