25 шілдеге қараған түні 300-ден астам дрон Ресейдің Екатеринбург, Саратов, Ростов, Белгород қалаларына және аннексияланған Қырымға шабуылдады.
Екатеринбургте Wildberries компанияларының қоймаларына соққы жасалған. Қойма маңындағы көліктер өртенген. Қызметкерлер эвакуацияланған, қойманың өзі бүлінбеген.
Ростов облысының билігі Ростовқа дронмен жаппай шабуыл жасалғанын хабарлады. Губернатор Юрий Слюсарьдің хабарлауынша, бес адам зардап шеккен. Бірнеше тұрғын үй, ғимарат, қоймалар бүлінген. Донецк облысымен шекарадағы "Новошахтинск" бекетіне де соққы жасалған.
Дрондар сонымен бірге Белгород облысына да шабуыл жасады. "Пепел" телеграм-арнасының жазуынша, Белгородта дрондар "Южная" және "Луч" жылу электр орталығына соққы жасаған. "Агро-Белогорье" агрохолдингінің қоймасына да соққы болған- деп хабарлайды Azattyq ақпарат порталы.