Украина президенті Владимир Зеленский 28 шілдеде Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуі "жақсы" өткенін айтып, талқыланған негізгі тақырыптар америкалық Patriot әуе қорғанысы жүйесіне арналған зымырандарды Украинада лицензиямен өндіру және Ресеймен бейбіт келіссөзді жандандыруды мәселесі жайлы болғанын мәлімдеді.
БАҚ өкілдерінен жабық өткен Ақ үйдегі кездесу шамамен бір сағатқа созылды. Екі тарап келіссөз алдында да, одан кейін де журналистерге мәлімдеме жасамады.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт Трамптың Зеленскиймен және Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесулері "оң әрі нәтижелі" өткенін хабарлады.
Зеленский келіссөз қорытындысында қолдау білдіргені үшін АҚШ-қа алғыс айтып, жуырда қайтыс болған сенатор Линдси Грэмді "Украинаның шынайы досы" деп атады. Кейін үш елдің басшылары Грэмді ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне қатысты.
Ақпарат көзі:Azattyq ақпарат порталы