«Dalamedia» ақпараттық порталының мәліметінше, Жамбыл облысындағы «Қазсушар» РМК Жамбыл өндірістік филиалының директоры Қайрат Аманов пен бас инженері Ербол Әбдірахмановқа қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.
Ақпаратқа сәйкес, 9 шілде күні мекемеде тергеу амалдары мен тінту жүргізіліп, аталған азаматтар құқық қорғау органдарына жеткізілген.
Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыстық іс құжаттарға қол қою кезінде орын алған заңбұзушылықтарға байланысты қозғалған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
Айта кетейік, құқық қорғау органдары әзірге бұл іске қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Сондықтан аталған ақпарат алдын ала сипатқа ие және тергеу нәтижесі бойынша өзгеруі мүмкін.
Дереккөз: Dalamedia ақпараттық порталы.
Фото:ЖИ