Футболдан әлем кубогының жартылай финалында Аргентина Англияны 2:1 есебімен жеңіп, финалға шықты. Матчтың 55-минутында Энтони Гордон есеп ашып, Англияны алға шығарған. Осыдан кейін Англия құрамасы қорғанысқа ойысты. Ал Аргентина шабуылды үдетті. 85-минутта аргентиналық Энцо Фернандестің айып алаңының сыртынан тепкен добы қақпаға енді. Ойын аяқталуға санаулы минут қалғанда Лаутаро Мартинес екінші голды салып кетті. Аргентинаның екі голында да Месси пас шығарып берді. 
Осылайша Аргентина кейінгі төрт әлем кубогында (2014, 2022, 2026) финалға шықты. Месси бастаған құрама 2022 жылы әлем чемпионы атанған.
Осылайша Аргентина Испаниямен әлем кубогын сарапқа салады. Бір күн бұрын Испания Франциядан 2:0 есебімен басым түскен.
Жартылай финалда жеңілген Англия мен Франция қола медальға таласады. 

Финал 19 шілдеде, қолаға талас 18 шілдеде өтпек.

Ақпарат көзі:Azattyq ақпарат порталы