Қазақстан кадеттер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында үшінші алтын медалін жеңіп алды
Әділжан Жаудинов Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Қазақстандық спортшы 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды.
Финалда Жаудинов Ресей спортшысы Абдулманаф Рамазановтан басым түсті.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын медаль бар. Бұған дейін Ғабит Расулхан (60 кг дейін) және Фатима Супығалиeва (52 кг дейін) әлем чемпионатында топ жарған еді.
Күміс медаль иегерлері:
Адия Жанахмет — 40 кг дейін;
Әділжан Нұрбекен — 50 кг дейін;
Інжу Жұмажан — 57 кг дейін.
Қола медаль иегерлері:
Бекарыс Құдайберген — 50 кг дейін;
Ахмет Баубек — 60 кг дейін;
Ерик Усенов — 66 кг дейін;
Еркен Бекали — 73 кг дейін.
📷 ҚР ҰОК