Қазақстандық ескекшілер Жапонияда өткен Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Қазақстанның байдарка мен каноэде ескек есу құрамасы Киото қаласында өтіп жатқан ескек есу марафоны бойынша Азия чемпионатындағы алғашқы жүлделерін еншіледі. Қырғыз Тубаев пен Полат Төребеков құрлық біріншілігінің чемпиондары атанды.
Қырғыз Тубаев байдаркамен 3 400 метр қашықтықта алтын медаль жеңіп алды.
Ал Полат Төребеков каноэмен 3 400 метр қашықтықта топ жарып, жарыстың жеңімпазы атанды.
Фото : ҚР ҰОК